«Ешкім де,еш нәрсе де ұмытылмайды»

«Ешкім де,еш нәрсе де ұмытылмайды»

05.05.2018ж. күні Елбасының «Болашаққа бағдар,рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушыларды өз Отанын құрметтеуге, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында Ұлы Жеңістің 73-жылдығына арналған «Ешкім де,еш нәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.
Ерлік сабағына 7В және 8А сынып оқушылары қатысты. 
Сабақ барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және Балқаш қаласындағы Кеңес Одағы батырларымен танысты.Және ерлік сабағының негізгі кейіпкері Армия генералы,Кеңес Одағының батыры,Халық қаһарманы – Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов туралы мәліметтер тыңдалды.7В сынып оқушысы Жұмашев Елжан Балқаш қаласының ардагер батырларын таныстырып,өшпес ерлікке – мәңгі тағзым ететінін айтты. Соңында Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды.Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп,әлем алдында беделі асқақтап,биік шыңдардан көріне білді. Жауынгерлеріміздің бірлігі,асқақ рухы арқасында Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып,еліміз бейбіт өмірге көшті.Ешкім де,еш нәрсе де ұмытылмайды!