«Көшбасшылар лигасы»
11.05.2018ж күні «Оқушылар сарайында» 4-5 сынып оқушыларымен рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қалалық «Көшбасшылар лигасы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойында біздің мектеп-лицей оқушылары белсене қатысты. Ойын 7 кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша балалар сұрақтарға жауап беріп, топтық жұмыс, жұппен жұмыс, мозайка құрастыру, «Ойлан тап», «Кім шапшаң?!» атты тапсырмаларды орындады. Мектеп-лицей атынан интеллектуалды ойынға қатысқан 5 «Б» сынып оқушылары:Қалқаман Аслан, Мұқан Ақбота және 4 «Ә» сынып оқушысы Ілияс Гауһар қарсыластарын білімімен басып озып, жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Дата: 12.05.2018, 13:05 Автор: Школа - лицей №15 имени Алихана Букейханова