«Отаным- қорғаным!»

05.05.2018ж.  күні 7 мамыр Отан қорғаушылар  және 9 мамыр жеңіс күніне арналған «Отаным- қорғаным!» атты салтанатты өткен

  саптық жиынның

АҚПАРАТЫ

Оқушылардың патриоттық рухын оятып, мектеп шақтан әскери тәртіп пен жоғары жауапкершілікке бейімдеу мақсатында Отан қорғаушылар күніне, 9 мамыр жеңіс күніне арналған «Отаным- қорғаным!» атты салтанатты  саптық жиын және Х дәстүрлі «Ұландар шеруі» өтті. Мектеп- лицей директоры Қ.Ш. Дүбирбекова 9 мамыр Жеңіс күніне және 7  мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне арнап құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты жиынның құрметті қонағы №31765 әскери бөлімінің бастығы подполковник Акбокеев Дархан Сеитович және аға лейтенант Шамурадов Ильяс Зеранбаевич жүрек жарды лебіздерін білдірді.

Дәстүрлі «Жас ұландар шеруі» байқауының қорытындысы бойынша: Бас жүлде 5Г сыныбы, І орын 5А сыныбы, ІІ орын 8В ,8А сыныбы, ІІІ орын 6А,6Б, 7Б сыныптары иеленді.