«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі"

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді халқымыз. Ауызбірлік пен түсіністік, сыйластық үстемдік құрған жерде қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Осы орайда мектеп-лицейде дәстүрлі «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі" мерекесі шаңырақ топтарының арасындағы «Достық аясында» атты фестивалімен жалғасын тапты. Фестивальді мектеп –лицейдиректоры К.Ш.Дубирбекова мерекелік құттықтау сөзбен ашты. Құрметті қонақ ретінде қалалық кәріс этнос-ұлттық орталығының өкілі А.Д. Ли, армян ұлтының өкілі Р.Унанян, мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі, орыс ұлтының өкілі М.Г. Гурьянова, 4Б сынып оқушысы Огай Руслан қатысты. Шаңырақ топтарының арасындағы өткен «Достық аясында» атты фестивальде әрбір топқа бөлінген ұлттардың салт-дәстүрі көрсетіліп, ұлттық өнерлері нақышына келтіре орындалды. Фестивальде жақсы өнер көрсеткен шаңырақ топтары марапаттауларға ие болып, қонақтар әрбір сыныпта ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!