«Дарынды оқушы - өркениеттің басты құндылығы» дарындылар айлығы жоспарпына сәйкес өткізілген конференция
19.10.2017 күні«Дарынды оқушы - өркениеттің басты құндылығы» дарындылар айлығы жоспарпына сәйкес өткізілген конференция
Н.Ә.Назарбаев «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы болашақ бағдары екенін тілге тиек ете отырып 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өткен болатын. Осы мақсатта кітапхана кеңесі мүшелері, «Жас өркен» баспасөз орталығы тілшілерінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің көшбасшы оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиін қолданысқа енгізу - әлемдік өркениетке ілесу»тақырыбындаоқырман конференциясы өтті. Конференцияға мәдениет және тілдерді дамыту орталығы қызметкері А. Рахметолла, «Балқаш өңірі» газеті тілшісі Г.Кәукербекова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ө.Ерменбетова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары К.А.Бейсекина, Ш.Т.Жакупова, аға тәлімгер Ж.Мейрам қатысты. Конференция барысындаЕлбасының «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» мақаласына өзек болған тамыры терең жаһандану үрдісіндегі латын әліпбиінің қолданыс аясының маңызы, мүмкіндіктері және болашағы жайлы оқушылар атап айтсақ: Абай атындағы №2 лицейден 10 А сынып оқушысы Бағдаулет Ә, 9 А сынып оқушысы Зарубек З, 9 В сынып оқушысы Серикова А, ЖББ №5 орта мектебінен 10 А сынып оқушылары Серік С, Төлеуханова А. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясынан 9А сынып оқушысы Қабдібек Ә, 11 А сынып оқушылары Ғасылова П, Қасымова П,. ЖББ №8 орта мектебінен 11 А сынып оқушылары Жарболова Ж, Данияр А,. ЖББ № 9 орта мектебінің 11 А сынып оқушылары Үкібай М, Макашев С,. ЖББ № 15 мектеп-лицейінен 10 А сынып оқушылары Сессиева Т, Манатбек А, Кенжебекова С, Баянтаева А,. №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінен 9А сынып оқушысы Шугаева М, 10 А сынып оқушысы Шүкіржан Д,. ЖББ №24 орта мектебінен 10 А сынып оқушылары Насурладина С, Жүзбаева С,. Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінен 9А сынып оқушылары Туғамбай Х, Шеш С,. М.П.Русаков атындағы ЖББ № 2 санаторлық мектеп-интернатынан 8А сынып оқушысы Ерсұлтан К. сүбелі ойларымен, нақты пікірлерімен бөлісті. Кітапхана кеңесі мүшесі 9 Ә сынып оқушысы Б.Ұзақбай оқушылармен тренинг өткізіп,«Латын әліпбиі - рухани жаңғырудың негізі»атты слайд көрсетіп, кітап көрмесімен таныстырды.