«Балдәурен» сауықтыру орталығында «Қазынаны тап!» спорттық ойын-сауығы өтті.

«Балдәурен» сауықтыру орталығында «Қазынаны тап!» спорттық ойын-сауығы өтті.

15 маусым  күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» жанындағы  «Балдәурен» сауықтыру орталығында «Қазынаны тап!» спорттық ойын-сауығы өтті. Ойын-сауықтың басты мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемдікке, күштілікке, төзімділікке баулу. «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының оқушылары қатысып, әр түрлі тапсырмалар орындады. Сайыс салтанатты түрде ашылды. Ойын барысында қауіпсіздік және ойын ережесі дұрыс сақталуы ескертілді.  Ойындар кезеңдер бойынша өтті : 1 – кедергіде: «Ептілер сайысы» топ мүшелері арнайы ыдыстармен суды бір жерден екінші жерге төкпей тасымалдау қажет. 2 – кедергіде: «Сәулетшілер» сайысы. Түтікшелерден топпен бірге отырып мұнара құрастырды. 3 – кедергіде: «Пазлдар құрастыру» Қиылған пазл бөлшектерін құрастырып, қағазға жабыстырды.  4- кедергіде: «Жұмбақтар» сайысы.  Берілген жұмбақты топпен бірлесе  отырып жауабын тапты. 5 – кедергіде: «Ашқарақтар» сайысы. Топ мүшелері берілген печеньені жылдам жеп тауысты. 6- кедергіде: «Әншілер» сайысы. Топ мүшелері ән айтып берді. 7- кедергіде: «Үргіштер» сайысы. Берілген шарларды жылдам үріп, жіппен байлады. 8- кедергіде: «Суретшілер» сайысы. Топ мүшелері тез арада күннің бейнесін салып, акварельмен бояды.  9- кедергіде: «Бишілер» сайысы. Барлық топ мүшелері белсенді түрде музыкамен би қимылдарын көрсетті.  10- кедергіде: «Тапқырлар» сайысы. Оралған қағазды тез арада ашып,  көрсетілген бағдар арқылы қазына толы сандықшаны тапты.

Жасырынған  сандықшадағы  қазынаны «Жұлдыз» тобы балалары тауып, қазына сыйлығына ие болды. Соңынан жеңімпаздар марапатталды.