«Көшбасшылық- тәжірибені жетілдірудің құралы» атты ІІ форум

«Көшбасшылық- тәжірибені жетілдірудің құралы» атты ІІ форум

2017 жылдың 19 мамыры күні тиімді оқытуды, оқуды және басқару стратегиясын қалыптастыруды іске асыруда кәсіби қауымдастықтың жұмыстарын іс –шараларды талдау, интерпретациялау мақсатында «Көшбасшылық- тәжірибені жетілдірудің құралы» атты ІІ форум өтті. Форумға «Балқаш қаласының №2 Абай атындағы лицейі» КММ , «С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп – гимназиясы» КММ, «Балқаш қаласы ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі» КММ, «Балқаш қаласының ЖББ № 8 орта мектебі» КММ, «Балқаш қаласының ЖББ № 9 орта мектебі» КММ, «Балқаш қаласы ЖББ №5 орта мектебі» КММ, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін 24 орта мектебі»КММ, «Ы. Алтынсарин атындағы №25 орта мектебі»КММ, «Балқаш қаласы М. П. Русаков атындағы жалпы білім беретін № 2 санаторлық мектеп-интернаты» КММ қатысты. Форумды мектеп- лицей директоры К.Ш Дубирбекова ашып, әрбір магниттік мектептердің 2016-2017 оқу жылы бойы өткізілген жұмыстары бойынша іс- тәжірибелерімен алмасу үшін арнайы бағдарламаға сәйкес секция отырыстарына шақырды. Мұғалімдердің кәсібилігі мен оның қоғамдағы рөлі бойынша жетекші мектеп координаторы Г.М. Манатаева,. «Жарқын белес» желілік қоғамдастығы, НЗМ тәжірибесін трансформациялау мектеп-лицей координаторлары А.Т.Садвокасова, Ш.Ш.Сатенова сөйледі. Қала мектептерінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, соңынан қала білім бөлімі мен тірек мектебі ұйымдастыруымен жасалған арнайы алғыс хат, сертификаттармен марапатталды.Белсене қатысқан мұғалімдерге алғыс білдіреміз, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!