«Асылым» жеңгелер мектебінің ақпараты
Мектебімізде 16.11.23 күні әлеуметтік педагог, мектеп психолгі Т.Дулатова, А.Нурлбекова, Ж.Төлегеннің ұйымдастыруымен «Даналық» мектебінің сабақтары «Асылым» жеңгелер мектебіне өткізілді. Сабаққа жеңгелермен 8-9 сынып қыз балалары қатысты. «Қыздар білуге тиіс.. тұрмыстық қажеттіліктер» жайында сұрақ - жауаптар талқыланып, топтық жұмыстар жасалынды. Халқымыздың бойына ғасырлар сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайын сіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Дата: 16.11.2023, 16:09 Автор: №9 ОМ