Ұлдар жиналысы өткізілді.
16.10.23 күні ұлдар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Д.Жолдасова , денешынықтыру пәні мұғалімі С.Елшібеков өткізді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.Мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.
#Қарағандыоблысыбілім09
#uo_krg
@orken.media
@balkhashtv
@severnoe_pribalkhashe_news
@balqash_oniri_gazeti
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi