№9 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып түлектеріне арналған «Ақ жол саған, Жас түлек!» атты мерекелік жиынның ақпараты

№9 жалпы білім беретін  мектебінің 11 сынып түлектеріне арналған  «Ақ жол саған, Жас түлек!» атты мерекелік жиынның ақпараты

  Жалпы білім беретін №9 мектебінде түлектер үшін «Ақ жол саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. 2022-2023 оқу жылындағы 15 түлектің жетістіктерін айтып қарсы алынды. Мерекелік жиынға Балқаш қаласы  Әкімінің орынбасары  Сыздыков   Руслан Косемгалиулы, Білім бөлімінің Қорғаншылық және қамқоршылық ұйымының бас маманыАйтжанова Бақыт Сүндетовна қатысты.Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды.Мектеп директоры Д. Жолдасова   11 сынып түлектеріне құттықтау тілегін арнады. Мерекелік жиында 1 сынып  бүлдіршіндері  түлектерге арналған тілектерін тарту етті. 11 сынып түлектері мектеппен қоштасу әндерін орындап, ұстаздарға  алғыс білдірді. Жиын соңында, соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып түлектеріне тапсырылды. Ата-аналар ізгі тілектерін арнай отырып, мектепке алғысын жеткізді. 

Дата: 2.06.2023, 9:50 Автор: №9 ОМ