«Мектепке террорлық шабуыл жасалды» атты тақырыбындағы оқу-жаттығулар
15.05.2023 ж. сағат 9.00-де Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№9 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық шеңберінде бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес оқу-жаттығу өтті. Сондай-ақ, брифинг аясында оқушылар келесі тармақтармен танысты: күдікті затты анықтаудағы іс-қимыл алгоритмі; қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі; кепілге алу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі; террористік шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі; Техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі. Эвакуацияға: педагогтар - 37, Техперсонал - 14, оқушылар - 384, "Інжу" шағын орталығына 45 бала,11 тәрбиеші қатысты.https://youtu.be/II73mqQXtvE