Аналар мектебінің отырыс туралы ақпарат.

Аналар мектебінің  отырыс туралы ақпарат.

    09.02.2023 күні «Мейірім» аналар мектебінің жетекшісі Аханова А.Қ. «Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы»  тақырыбында 8-сынып қыз балалар  мен аналар арасында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел өз атына сын есімді қосып, таныстыру мен амандасудан басталды. Дөңгелек үстелдің «Халықтық тәлім — тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу» деген мақсатымен таныстырылды. «Қазақ қыздары қандай болу керек?» сұрағына постер арқылы жауап беріп, өз ойларын жеткізді. Аналар мектебінің  төрайымы  Касимова Бейбиткуль Серикхановна «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» жайында баяндама оқыды. Қыздарға сыртқы келбеті, ортада өздерін ұстауы, зиянды әдеттер жайлы кеңес берілді. Қыз бала бойында сыпайылықпен қоса өнері де болуы керек. Осыған орай, «Қыз қылығымен көрікті» атты шығармашылық жұмыста ою-өрнектер жасап, өрнектер туралы мәлімет алды. Дөңгелек үстел соңында қыз балалардың өз аналарының қандай қасиеттерін бойына дарытып келе жатқандары туралы сөз қозғалды. Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өзінің мақсатына жетті.

Дата: 9.02.2023, 16:02 Автор: №9 ОМ