«Балауса» қыздар ұйымының «Жақсы қыз - жағадағы жұлдыз» тақырыбындағы жиналысының ақпараты

«Балауса» қыздар ұйымының «Жақсы қыз - жағадағы жұлдыз» тақырыбындағы жиналысының ақпараты

Мектебімізде 21.11.22 ж күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі  орынбасары Д. Сагимбекова «Жақсы қыз  -  жағадағы жұлдыз»  тақырыбында 5-6 сынып қыздарымен жиналыс өткізді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы жайлы айтылды. Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу,қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.

Дата: 21.11.2022, 16:51 Автор: №9 ОМ