Адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі кездесу ақпараты ақпараты

 Адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі кездесу ақпараты ақпараты
Мектебімізде 18.11.22 күні «Қыз тәрбиесі –ұлт болашағы» атты тақырыбында 9-11 сынып қыз балаларына «Мейірім» аналар ұйымының, №1 поликлиника бөлім меңгерушісі Г.Ө. Сағындықованың қатысуымен қыздар жиналысы өтті. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттері, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік жолға түспеу керек екенін айтып өтті.Әңгіме барысында қыздар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты.Қыздармен әңгіме өз деңгейінде өтіп, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.
Дата: 18.11.2022, 15:45 Автор: №9 ОМ