«Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиналыс ақпараты

«Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу»  тақырыбында өткен жиналыс ақпараты

17.11.22 күні мектебімізде  «Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу»,«Нашақорлықтың алдын алу»  тақырыбында қала прокурорының прокуроры, Куанышбек А., №1 поликлиника қызметкері,  алдын алу  бөлімінің меңгерушісі  Омаров В.А. 8-9 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді.Оқушылардың  мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы,түнгі уақыттағы заңды өкілінсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы,  құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі ,түнгі уақытта ойын –сауық жерлерінде, кафелерде, саябақтарда жүруі, ұсақ бұзақылық, сабақты себепсіз босатуы,жайында тоқталды.Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайтынын ескертті.Нашақорлықтын алды алу,  біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз. Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Дұрыс таңдау – жарқын болашаққа бастар көпір және бақытты өмірдің айнасы екені атылды.

Дата: 17.11.2022, 15:24 Автор: №9 ОМ