Абайла, балақай
№9 жалпы білім беретін мектебінде 06.09.21 күні бастауыш сыныптар арасында «Абайла,балақай» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі-ең маңызды, әрі негізгі мемлекеттік мәселе. Жол қозғалысы мүшелерінің ішіндегі ең кішкентай жаяу жүргіншілеріміз - балалар. Ең жас жол қозғалушы мүшелеріне жол жүру ережесінің негізгі тәртібіне және қаланың жол-көше тармақтарында қауіпсіз жүріп-тұру тәртібіне дағдыландыру үшін жол белгілері мен жол таңбалары түсіндіріліп, онда балаларға қалалық автобустарға қалай мініп-түсу туралы, автобустарды айналып өту, жүріс бөлігін қалай жүріп өткен дұрыс және жаяу жүргіншілер өткелінен жүріп өту тәртібі, жол ережесін қатаң сақтау және велосипедпен қалай, қай жерде жүру бойынша ойын түріндегі қызықты мағлұматтар берілді.
Дата:
6.09.2021, 14:42 Автор:
№9 ОМ