"Наурыз -2017" мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар

  2017 жылдың 13-наурыз күні  «Наурыз-жыл басы» тақырыбында 4А және 4Ә,1А  сыныптарында  халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту, оқушыларға ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға  тақырып бойынша  мәліметтер беріле отырып, оқушылар қазақтың ұлттық дәстүрлері мен ұлттық ойындары туралы  білетін ақпараттарын айта білді.
 Сонымен қатар, тәрбие сағатында оқушылар салт-дәстүрлерді, ырымдар мен тыйымдарды, ұлттық тағам түрлерін көрсетіп, олардың ұлттық, тәрбиелік мәніне тоқталды.