Размер шрифта:

"Мұғалімдердің кәсіби дамуы-нәтижелі оқытуға бағыттау жолы" семинары

  ЖББ №8 орта мектебінде 2017 жылдың 14 наурыз күні қаладағы магниттік мектептер арасында іс-тәжірибе алмасужәне НИШ тәжірибесін тарату мақсатында «Мұғалімдердің кәсіби дамуы- нәтижелі оқытуға бағыттау жолы» атты семинар өтті. Семинар мектептегі сертификатталған мұғалімдер жұмысына басшылық және бақылау жасайтын директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Мырзабаева Гульдария Мухитбековна мен мектеп координаторы Дәркен Кәменқызы Қанаттың алғы сөзімен басталды. Үшінші деңгейлі сертификатталған Жетписбаева Ж.К.  семинарға қатысушылармен «Сәлем,мен кіммін?» тақырыбында танысу тренингін өткізді.  

 Семинарда ашық сабақтар төмендегі пәндер бойынша өтті:

1.     Дүниетану «Судың,ауаның қасиеттері»  2А сыныбы, пән мұғалімі Рысқұл А.Қ.

2.     Әдебиеттік оқу«Жылқы» 4А сыныбы, пән мұғалімі Кенжебаева Ж.Ә.

3.     Информатика «Аралас құжаттарды құру»5Б сыныбы, пән мұғалімі Жумабекова А.Е.

4.     География «Батыс Қазақстан ЭГЖ,табиғат жағдайлары,ресурстары,халқы» пән мұғалімі Бакишева А.М.

5.     Биология«Құстар класы.Кластың жалпы сипаттамасы.Құстардың тіршілік ортасы»7Б сыныбы, пән мұғалімі Мустафина С.А.

6.     Орыс тілі «Знаки препинания в БСП»9Ә сыныбы, пән мұғалімі Сартаева Г.К.

7.      Орыс тілі «Управление»7А сыныбы, пән мұғалімі Шабленова М.Б.

8.     Қазақ әдебиеті «Қылау әңгімесіндегі кейіпкерлер арасындағы адамгершілік пен достық»6Б сыныбы, пән мұғалімі Жумабаева М.К.

Семинардың екінші «НЗМ тәжірибесін тарату» бөлімінде, «Оқудағы кедергілерді анықтау жолдары қандай?» ,«Диалогтық оқытудың тиімділігі неде?»  тақырыптарында коучингтар, «Lesson Study-оқытудың тиімді тәсілін анықтау үдерісі» атты пікірталас ашық алаңы өткізілді. Жауаптылар: Қанат Д.К, Жамкеева В.С, Амантай Ж.Қ,Мухаметжан Г.С, Бигазина Г.К,Айтқұлова Г.С,Жетписбаева Ж.Қ.  Семинардың соңында рефлексия кері байланыс сәтінсертификатталған мұғалімдер Жұмаш  М.М,Артықбаева Ә.Ө өткізді.Қатысушылар екі жұлдыз бір тілекпен өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.