Размер шрифта:

Эстетика пәндер апталығының қорытынды есебі

Эстетика пәндер апталығының қорытынды есебі

  06.3-11.03 аралығында эстетика пәндер апталығы болып өтті.Жоспарда белгіленген іс-шаралар уқытында жүргізілді. «Балқашқа 80 жыл»технология,бейнелеу пән мұғалімдері көрме ұйымдастырды. Патриоттық тәрбие,өнерпаздар өнері,әскери қару-жарақтар,Бауыржан Момышұлы радиохабар,видеороликтер күнделікті көрсетілді.Сонымен бірге ашық сабақтар,сайыс сабағы,диспут,тоғызқұмалақ,көңілді сөре жарысы өткізілді. Ашық сабақтар музыка пәнінен Г.Т.Сейфуллина 2а тақырыбы «Қазақ эстрадасы»,Дене шынықтыру пәнінен А.А.Отарбаев 9ә тақырыбы «Баскетбол ойын  элементтері,еңбек пәнінен А.А.Жексенбаева 6б тақырыбы «Мақталы матадан алжапқыш тігу»,АӘД пәнінен ТЕ.Ерімбетов 10ә тақырыбы «Жарықшақты қол гранаталарының атқаратын қызыметі,қасиеті,құрлысы,жұмыс істеу механизмі.
  Сайыс сабақты бейнелеу пәнінің мұғалімі К.Мырзахметова,дене шынықтыру пәнінің мұғалімідері Б.С.Қаппар,А.С.Сүндетбаев тоғызқұмалақ,көңілді сөре жарыстарын өткізді.Апталықты қорытындылау мақсатында музыка пәнінің мұғалімі Д.С.Сәрсенбекова «Өнерге қыран қаққандар» диспут кездесу кеші өтті.Кездесуге өнер мектебінің дәстүрлі ән сабағының ұстазы Тұрсынғали Мәди Тұрсынғалиұлы келіп оқушылармен өзінің өнері жайында пікір алмасты.Мектебіміздің өнерлі оқушылары ән айтып,би биледі.Апталыққа эстетика пән бірлестігінің мұғалімдері бір кісідей ат салысты.