Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына «Жасыл шырша» мерекесі өткізілгені туралы ақпар

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  жоғары сынып оқушыларына «Жасыл шырша» мерекесі өткізілгені туралы ақпар

          2016- жылдың 29- желтоқсан күні мешін  жылын шығарып салып, тауық жылын қарсы алу мақсатында жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  «Жаңа жыл- жаңа нұр!» атты мерекелік кеш болып өтті. Әдемі безендірілген зал, түрлі-түсті жарықпен көмкерілген алаң, ортада орналасқан жасыл шырша  Жаңа жылдың шырайын кіргізіп тұрды.

      Кешті    санта клаус пен ақшақарлар биі ашты. Ортадағы сиқырлы қорапшадан шыққан кеш жүргізушілері сынып оқушыларын Қазақстан жұлдыздарының бастауымен деп  қызыл жолмен ортаға шақырды. Содан кейін  мектеп директоры А.Т.Токейбекова  мектеп оқушыларын жаңа жылмен құттықтап,

      – Биылғы жыл бізүшін өте сәтті де берекелі жыл болды. Еліміздің тіуелсіздігіне 25-жыл толуы  есте қалар ерекше мереке болды,- деп игі тілегін білдірді. Мерекелік кешке қалалық білім бөлімінің  маманы Ф.М.Рахимов қатысты. Кеш  одан әрі думанды бағдарламамен жалғасын тапты.

       Кеш барысында көңілді билер биленіп,жаңа жыл туралы әндер шырқалды.  Аяз ата мен Ақшақар кеш барысында көрермендермен бірге билеп, ойындар ойнап, мерекелік көңіл-күйді көтере түсті. Соңында әр сыныпқа Оскар сыйлықтары мектеп директорымен  табысталды. Іс-шара соңы көңілді би кешіне ұласты.