Еңбек күніне орай іс-шаралар өткізілгені туралы ақпар

Еңбек күніне орай іс-шаралар өткізілгені туралы ақпар

    Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  2016-2017 оқу жылындағы қыркүйек айының 24-і күні  еңбек күніне орай   іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. Бұл мерекенің мақсаты- еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.  Еңбек ету ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық пайдалы болу .
   «Жалпыға Бірдей Ортақ Еңбек» аналар мектебі, ата-аналар комитеті, әкелер кеңесінің отырысы өткізілді.  Отырыс барысында  ата-аналарға   еңбек туралы толық ақпар берілді.Сонымен қатар қаламыыздағы  көпсалалы колледж, Р.Қошқарбаев  атындағы колледж мамандары  оқушылар мен  ата-аналарға   кәсіптік бағдар беріп, түсіндірме жұмыстарын  жүргізді. «Мамандыққа жол ашайық!» оқу орындары мамандарымен кездесу болды.      
 Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен аталмыш мерекеге байланысты 6-8 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 9-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен болашақта қандай мамандық таңдау керек және қандай мамандықтар сұранысқа ие мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
 «Еңбек–бақыт бастауы» тақырыбында  3-қабатта оқушылар шығармашылығынан  көрме  ұйымдастырылып өткізілді.