Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Абайла, балақай!» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  «Абайла, балақай!» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар ақпары

   Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  «Абайла, балақай!» акциясы аясында жоспарлы түрде іс –шаралар өткізілді.  «Абайла, балақай»   акциясы мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол – көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша , білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін,жол ережелерін сақтау мақсатында өткізілді.   
   Мектептің  бірінші қабатында тақырыптық стенд безендірілді. Әсіресе, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану бастауыш сынып оқушылары арасында аса қажет болғандықтан, көптеген жағдаяттар балаларға сурет тілінде бейнеленді.
   «Қауіпсіз жол» жол қозғалысы туралы 1- сыныптар арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өткізіліп отырған шараның аса маңызды екендігі белгілі. Өйткені, осы шара барысында оқушылар қауіпсіздік туралы өз білімдерін жетілдіріп, жол қозғалысында абай болуды үйреніп қайтты.
   «Жас Ұлан» тобының мүшелері «Жаяу жүргіншілерге арнау» үнпарақтарын  таратты.  Ата – аналарға арнап  «Балалар қауіпсіздігі біздің міндетіміз»  тақырыбында  1-5 сынып оарасында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
   4А сынып оқушылары   сынып жетекшісі Ж.Кенжебайдың жетекшілігімен « Жолың болсың, балақай!» тақырыбында   мектепішілік лездемеде үгіт-насихат  жүргізді. Оқушылар өздері де біраз жол қозғалысы ережесінен хабарлар болып, өзгелердің жолда болатын қателерден сақтануына азда болса септіктерін тигізді.
   «Жолда жүру  тәртібін, жадыңда  ұста!» 5-9 сынып оқушыларға арнап видеороликтер көрсетілді. 5-8 сыныптар арасында  «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырырыбында   сынып сағаттары өткізіліп, оқушылыр белсенділік танытып, ұйымшылдықпен қатысты.