Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы «1қыркүйек- Білім күніне» арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы ақпар

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы «1қыркүйек- Білім күніне» арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы ақпар

   Жанымызды жадыраталық алтын күздің бірінші айында оқушылар "Білім күні" мерекесіне   мектепке жиналды.Білім ордасы қайтадан балғын бүлдіршіндердің думанды базарына айналды.
   Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  1 қыркүйек- Білім күніне арналған салтанатты жиын    өтті.  Жиынға  1,10,11 сынып оқушылары және кадет сыныптары, мектеп ұстаздары, ата-аналар  және  «Балқашуниверсал»   жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің әкімшілік басшысы Нысангалиев Жұмабек Алиұлы қатысты.  Мерекеде алғашқы қоңырау мерекесімен мектеп директоры А.Т.Төкейбекова,  мектептің әкелер кеңесінің төрағасы М.Қ.Жұматаев, мереке қонағы  Ж.А. Нысангалиев  құттықтап, игі тілектерін білдірді. Сонымен қоса     11-сынып түлегі Игілікова Әнель, кадет сыныбының оқушысы Сембек Әулет, 9-сынып оқушысы Әйкеш Аяжан және мектеп табалдырығын жаңа аттап отырған бүлдіршін Өміржан Әмина  барша қауымға, оқушыларға және кішкентай бүлдіршіндерге тілектерін айтты.  «Мен өз елімнің патриотымын»  тақырыбында  үгіт насихат тобы шығып,  өз елінің патриоты екендіктерін мақтанышпен жеткізді.   Жиында мектебіміздің жас таланттары ән айтып, би биледі. Мектеп табалдығын  аттаған  жас бүлдіршіндерге ақ тілек  тілеп  мектепке  шығарып салды. Жиыннан соң сынып жетекшілер оқушылармен «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізді.Мектебімізге келген  қонақ Нысангалиев Жұмабек Алиұлы 11- сынып  оқушыларымен  патриоттық сабақ өткізді. Сабақ соңында  оқушылар  көкейіндегі  сұрақтарына  жауап алып жатты.
   Бүгінгі  мереке   барлық оқушылар  мен ұстаздар  үшін  жаңа жұмыс күні болып сипатталса, ата-аналар  мен  оқушылар үшін  ұмытылмас   қуанышты  сәттерінің  бірі  болды.