Ақ жол саған, Жас түлек

Ақ жол саған, Жас түлек

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде "Ақ жол саған, Жас түлек" кешінің өткізілгені туралы ақпар

            Ақыл, қайрат, білімді зерделеріне тоқып, он бір жыл бойы  білім  нәрімен сусындап, үлкен білім ордасынан тағы да бір жас толқын  үлкен  өмірге  қанат  қақты.Кешке   Қалалық  Білім  беру   бөлімінің маманы  Бақыт Сундетовна  және  ата-аналар  мен  ұстаздар  қауымы  қатысты. Мектеп  директоры  А.Т.Токейбекова мен кешіміздің қонағы С.Р. Пішенбаев түлектерге  аттестатты  тапсыра  отырып,  оларға  жүрекжарды  лебізін  білдіріп,  мектепішілік  іс-шараларға  белсене  қатысып,  жауапкершілігі және   еңбексүйгіштігімен    көзге  түскен  оқушыларды  мақтау  қағаздарымен  марапаттады. Кеш  барысында  оқушылардың ата-аналары  да  сөз  алып,  түлектерді  үлкен  өмірге жолдама   болар  аттестат  алуларымен  құттықтап,  басқан  қадамдарына  сәттілік  тілеп  жатты.  Түлектер  де  тілек  білдіруші жанашыр  жандардың  құрметіне  әсем  әндер  мен  көркем  билерін  ұсынды.  Кезек  түлектердің  өздеріне  келіп  жеткенде,  олар  да  аялап  өсірген  ата-аналарына,  білім  нәрімен  сусындатқан  ұстаздарына,  алтын  ұя  мектебіне  шексіз  алғыстарын   білдіріп,  жүрек  тебірентер   жылы  лебіздерін  арнады.  Ән  мен  биге кезек беріп,  мектеп  маңайын  күлкіге,  көтеріңкі  көңілге  бөледі.

  Өрендердің  ертеңгі  күні  еліміздің көк Туын желбіретіп, Әнұранын  асқақтатқан  егемен  еліміздің   мақтанышы,  ел  бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін, біздің ардақты аға буын өкілдерінің  ісін  әрі  қарай  жалғастыратын  нағыз  азамат  болатындығына  сеніміміз  мол.