31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған кездесу

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған кездесу

2016жылдың 31мамыр күні «Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының» күніне орай мектебімізде АКТ залында іс-шара болып өтті. Іс-шараның тақырыбы: «Зұлмат жылдары және Қазақстан». Мақсаты: 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу. Бұл кешке арнайы қонақтар шақырылды. Мектебіміздің директоры Төкейбекова А.Т. сөз берілді. Сонымен қатар мектебіміздің үгіт-насихат тобының  оқушылары өз жырларын ортаға салды. Кеш өте әсерлі болып, деректі фильмдер көрсетілді. Кеш соңында  1 минут үнсіздік жарияланды. Мектебіміздің оқушылары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында ескерткішке  гүл- шоқтары  қойылды.