Мектеп күні-2016

Мектеп күні-2016

   2016 жылдың 25 сәуір күні  ЖББ №8 орта мектебінде  Мектеп күні  мерекесі   аталып  өтті.Мектеп күнінде  мектебіміздің  директоры А.Т.Токейбекова мектептің даму бағдарламасын  қорғап шықты. Директордың  тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары  А.С.Алпысбаева мен Ж.К.Жетписбаева   мектепте өз жұмысын атқарып жатқан  Әкелер кеңесі мен Аналар мектебінің  бағдарламасы мен  жұмыс жоспарларын таныстырып,  атқарылған іс-шараларға  талдау жасады.
   Келген қонақтар ашық сабақтарға қатыстырылып, сабақ  түрлері көрсетілді. Ашық сабақтардан соң  мектептегі  оқушылардың  шығармашылық  жұмыстары, яғни көрмелер  таныстырылды.Бағдарлама  бойынша 3- бөлімде кадет сыныптарының  оқушыларымен дайындалған «Юность, опаленная войной» атты әдеби салон ұсынылды.Әдеби салон  соңында  концерттік  номерлер көрсетіліп,оқушылар  ән-биден  өнерлерін көрсетті. Мектеп күнінде  мектеп ұстаздары мен көркемдік жетекшілердің оқушылармен атқарылған  жұмыстарының  нәтижесі байқалды.Аталған күні  барлық  шарада   ауған соғысының ардагерлері мен ата-аналар қатыстырылды.