Размер шрифта:

«Ауғаныстан біздің есімізде... »

«Ауғаныстан біздің есімізде... »

   Жалпы  білім беретін  №8 орта  мектебінде  12.02.2016 жылы  сағат 11.00-де  Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған кездесу кеші болып өтті. Мақсаты: оқушыларды ауған соғысының шығу себептері мен оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктерімен таныстыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Бұл кездесуге Балқаш қалалық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің топ бастығы Рахимбеков Баржан Оралұлы; №31765 әскери бөлімінің командирі подколковник Ақбөкеев Дархан Сеитұлы; №53898 әскери бөлімінің өкілі майор Иманбаев Абзал Тлеужановвич; қалалық білім бөлімінің әдіскері Рахимов Фархат Маликович; Ауғаныстан соғысының ардагерлері   Қуанышбеков Марат Қасымович  және Нургалиева Лаззат Мүбаракқызы  қатысты. Мектеп  өнерпаздары  әннен  шашу  шашып,  өнерлерін  көрсетіп,  ауған соғысы  өмірінен  қойылым көрсетті. Кеш соңында мектеп директоры А.Т.Төкейбекова  сөз сөйлеп, ардагерлерге сыйлықтар берілді.