Размер шрифта:

«Математика, физика және информатика» пәндер апталығы

«Балқаш қаласының жалпы білім беретін №8 орта мектебі» КММ
03.12-07.12 аралығында мектебімізде 4-11 сыныптар арасында «математика, физика және информатика» пәндер апталығы өткізілді.
Бүгінгі ғылым мен техниканның қарқынды дамып,еліміздің экономикасы өсіп үкімет үдемелі индустрияландыру керемет жобаларын жүзеге асырып отырған оқушылардың математика, информатика мен физика пәніне біліміне,компьютерлік сауатылық деңгейіне қойылытын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті-барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту және дамыту. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстар да жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстың маңызды бір бағытты пәндік апталық болып саналады. «XXI ғасыр нақты-ғылымдар ғасыры» деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетін негізгі салмағы да осы үш пән математика, физика және информатика бағытталған. Cондықтан да биылғы оқу жылында өткізілген апталықтын «XXI ғасыр нақты-ғылымдар ғасыры» тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердін беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.
Апталықтың мақсаттары: Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларды оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан жақты жетілдіру.
Апталықтың міндеттері: Оқушылардың нақты ғылым- математика, ақпараттар ғылымы-информатика және ғажайыптар ғылымы-физика пәнінің XXI ғасырда алатын орнын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу. Белгіленген жоспарлар бойынша жүзеге асырылып отырды. Пән мұғалімдері тарапынан үлкен ізденіс пен шығармашылық жұмыстары жүргізілді. Пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үрдісіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсетті. Апталық ағымында келесі ашықтар мен сыныптан тыс іс шаралар өткізілді:
7В сыныбы геометрия «Тең бүйірлі ұшбұрыштар»- Тишбековна Г.Т.6В сыныбы математика сабағы « Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» - Айтимбекова Ф. 9А сыныбы алгебра сабағы «Арифметикалық және геометриялық прогрессия»-Бигазина Г.К. 8В сыныбы алгебра сабағы «Квадрат үшмүше» -Мырзахметова А.Д. 3В сыныбы АКТ сабағы « Суретті өңдеу» - Рахметолла Ш. 7А сыныбы информатика сабағы «Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы» Ақшоқы Ж. 5В сыныбы матеметика сабағы « Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар » Жақсыбаева А.
Сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың іс- әрекетін,ойлау қабілеттерін,белсенділіктерін көрсету,барысында 5-6 сыныптар арасында « Интелектуалдық ойындар сайысы» және «Тез сұрақ жауап » айдары өткізіліді. Ойынның мақсаты сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру. Белсене қатысқан оқушыларға түрлі ынталандыру сыйлықтар таратылды. Оқушылар әр апта бойы логикалық есептер байқауына берілген есептерге жауап тауып, өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға мүмкіндік алды. Бұл байқауда үздік шыққан оқушылар арнайы мақтау қағаздарымен ынталандыру сыйлықтармен марапатталынды.

На изображении может находиться: 5 человек, люди улыбаются, в помещении

На изображении может находиться: 9 человек, в помещении

На изображении может находиться: 2 человека