Размер шрифта:

5 «Ә» ұлан сыныптарының оқушылар бугін салтанатты жағдайда ант қабылдады

09.12.2019ж. ЖББ №8 орта мектебінде ұлан сыныбында білім алып жатқан 5 «Ә» ұлан сыныптарының оқушылар бугін салтанатты жағдайда ант қабылдады. Ант қабылдау салтанатты жиынға қаламыздың әскери бөлімдері және әлеуметтік серіктестері қонақта болды. Ең алдымен гимн ойналып, ҚР мемлекеттік туы әкелінді. Ант беретін ұландарды ортаға шақырып, мектебімізге жаңадан қабылданған 20-ұлан ант берді.Ұландар туына тағызым ету рәсімі 5 «Ә» сынып ұланы Нәсіпбай Нұрбекке тапсырылды.Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Айгул Төкенқызына берілді. Шара барысында, Алматы қаласының әскери барлау ардагерлер одағының қоғамдық бірлестігі атынан мамандырылған ұлан сыныптарына басшылық жасап, патриоттық тәрбие беру үлесі үшін мектеп директоры Токейбекова Айгул Төкенқызы «Мәңгілік даңқ» төс белгісімен марапаттады. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Төлжан Әлкей Ұлан сыныптарының оқушыларына арнайы атақтар беру туралы бұйрығын оқып, Ахатов Бауыржан-Вице –Ефрейтор, Балғабаев Диас- Вице кіші сержант, Ғинаят Әділет Вице –ефрейтор, Даривхан Жандосқа Вице-ефрейтор пагондары табысталды. Ұландарды мерекемен Әскери бөлім офицерлері мен ата-аналары құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиын соңында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқап , би биледі.

На изображении может находиться: 1 человек, стоит

На изображении может находиться: один или несколько человек и баскетбольная площадка

На изображении может находиться: один или несколько человек и баскетбольная площадка

На изображении может находиться: один или несколько человек и баскетбольная площадка