«Отбасы күні»

2019-2020 оқу жылының 6-14 қыркүйек аралығында отбасы күніне орай, іс-шаралар жоспарланып өткізілді.
Мектебімізде 6 қыркүйек пен 14 қыркүйек аралығында «Отбасы күніне» арналған бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Мектебіміздің 1-ші қабатында стенд безендірілді. Шара барысында, мектеп кітапханасында «Барлығы отбасынан басталады» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Апталық барысында 7-9 сыныптар арасында отбасы мәселесіне байланысты психологиялық кеңестер берілді.
Оқушылармен отбасы жайында әңгіме жүргізіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, кеңестер айтылды.Оқушылар да өз ойларын ортаға салды. 3-4-сыныптар арасында құттықтау хаттарын рәсімдеп, «Менің берік отбасым» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар өз отбасыларын бейнелеген суреттер ілінді.
9-қыркүйек күні отбасындағы ата – ана мен баланың өзіндік орны, отбасындағы тәрбие беруші мен тәрбие алушының өзара қарым-қатынас стильінің дамуына отбасының ықпалы, отбасында бақытқа жетелейтін құндылықтардың түсігін ашуға немесе бағалауға бағыт-бағдар беру түсінігінің құндылығын ашу мақсатында «Бақытты отбасы – бұл....» тақырыбында ата-аналар, оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, видеороликтер түсірілді.
Оқушылар «Өз отбасыммен мақтанамын!» тақырыбында отбасылық суреттері мектеп теледидарында жарияланды.

На изображении может находиться: 1 человек, стоитНа изображении может находиться: один или несколько человек, обувь и на улице

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоятНа изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят, обувь, ребенок и на улице