Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына «Жасыл шырша» мерекесі өткізілгені туралы ақпар

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  жоғары сынып оқушыларына «Жасыл шырша» мерекесі өткізілгені туралы ақпар

          2018- жылдың 29- желтоқсан күні жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  ит  жылын шығарып салып, доңыз жылын қарсы алу, яғни «Жаңа жыл- жаңа нұр!» атты мерекелік кеш болып өтті. Әдемі безендірілген зал, түрлі-түсті жарықпен көмкерілген алаң, ортада орналасқан жасыл шырша  Жаңа жылдың шырайын кіргізіп тұрды.

      Кешті  11- сынып  оқушылары вальс  биімен ашты. Ортадағы  кеш жүргізушілері шығып көрермендерді  келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, кешке  жақсы көңіл-күй сыйлады.  Мектеп директоры А.Т.Токейбекова  мектеп оқушыларын жаңа жылмен құттықтап, игі тілегін білдірді.  «Жаңа жыл шамдары» әнін Г.Тлеуберлина орындап, санта клаустар биімен жалғасын тапты.Кеш жүргізушілері А.Кемельбекова мен Т.Еримбетов оқушылармен  түрлі ойындар жүргізіп, мерекелік көңіл-күйді көтере түсті.

       Кеш барысында көңілді билер биленіп, жаңа жыл туралы әндер шырқалды. Соңында әр барлық сынып оқушыларымен мерекелік  флешмоб биленді. Іс-шара соңы көңілді би кешіне ұласты.