«Тәуелсіздік тұғыры» атты салтанатты жиын
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Мектеп директоры А.Т.Токейбекова салтанатты жиынға қатысушыларға мерекелік лебізін білдіріп, мектеп өміріне белсене араласатын ұстаздарды мақтау қағаздарымен марапаттады.
Шара барысында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына өткізілмек. 6А сынып оқушыларының үгіт- насихат тобы тәуелсіздік тарихына тағы бір шолу жасады.
Жиынға Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығының директоры Касенхан Расул Пәрменұлы, әкелер кеңесінің төрағасы және ата-аналар қатысты.
Жиын соңында ұландар сыныбы дефиле көрсетілімін көрсетіп, 5-6- ұлан сыныптарының заманауаи би көрсетілімі көрсетілді. «Алға,қазақ елі», «Тек алға!» әндері шырқалды. Шара соңы «Мен қазақпын» әнімен аяқталды. Жиын барлық балалар көңілінде мерекелік сезім қалдырды.