5Ә Ұлан сыныбының ант қабылдау рәсімі

5Ә  Ұлан сыныбының ант қабылдау рәсімі

 

2018 жылдың 8-желтоқсан күні жалпы білім беретін №8 орта мектебінің жаңадан қабылданған ұландарының  ант қабылдау рәсімі өткізілді. Салтанатты жиынға №31765 әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы –майор Хамитов Айдар  Нурболатұлы,44803-В әскери бөлімі командирінің  тәрбие және идеология жұмысы бойынша орынбасары, капитан Бақтияров  Рамазан Бақтиярұлы Балқаш қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары подполковник Аққожа Жангелді Аққожаұлы, Ауған соғысының ардагері «Боевое братсво» қоғамдық ұйымының төрағасы  Мұқамедиев Бауыржан Мейірханұлы, «Әскер» ұйымының  төрағалары мен  меморандум жасасқан ұйымдар басшылары, ұлан сыныптарының ата-аналары, мектебіміздің  әкелер мен аналар мектебінің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ант қабылдаған соң мектеп басшысы         А.Т.Токейбекова ұландарды құттықтап,  5- ұланға арнайы атақтар табыстады.

  Рух пен айбынның нышаны ретінде  қабылданған ұландар  туына тағзым жасау рәсімін  5Ә сынып ұланы  Жүнісов Азат жасады. 

Ұландарды мерекелерімен құттықтаған  «Боевое братсво» қоғамдық ұйымының төрағасы  Мұқамедиев Бауыржан Мейірханұлы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 16-желтоқсан күні дүниеге келген 6Ә сыныбының ұланы Тұрсын Нұртілекке көк берет сыйға тартты.

 

 Салтанатты жиын соңы  ұлан сыныптарының   қатысуымен  концерттік  номерлерге ұласты.