Дін орталығының мамандарымен кездесу өтті

Дін орталығының мамандарымен кездесу өтті

       2018 жылдың 17 қараша  күні жалпы білім беретін №8 орта мектебі  ата-аналарымен   «Балқаш қаласының  конфессия аралық қатынастар  мәселелерін зерттеу және талдау орталығы»  КММ мамандары кездесуі өтті. Ақпараттық-насихат тобының мүшелері  Садуев Б.Е. «Балқаш қаласының  конфессия аралық қатынастар  мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ директоры  Б.С. Бейсенбаева, бас маман  П.Б.Сарсембекова  түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

      Кездесу барысында топ мүшелері ата-аналармен бірлесе отырып бүгінгі діни ахуал жайын кеңінен талқылады.

     Қазіргі қоғамның басты мәселесіне айналған діни экстремизм мен терроризм қаупі елімізде де көрініс тапқаны жасырын емес. Жат ағымда жүріп, біреудің қаңсығын өзіне таңсық еткен қазақ жастары ұлттық мүдде мен рухтан алшақтап, ата-баба дәстүрін аяқ асты етіп жатқандардың да бой көрсетуі қоғам үшін ойланатын құбылыс. Ата дәстүрмен біте қайнасып кеткен ислам дінін бұрмалап, жас буынның санасын улауға көшкен мұндай ағымдар ұлт үшін өте қауіпті. Сондықтан, бала тәрбиесін дінге бетбұрыс жасаған күннен бастап қадағалауға алу қажет, – деді мамандар.

          Ата-аналар да кездесу барысында көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандар тарапынан жауаптар алды.