Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы өткізілген іс-шаралар туралы ақпар

Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы өткізілген іс-шаралар туралы ақпар

   Мектебімізде  2018 жылдың 16-шы  қараша күні қалалаық ІІБ полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен   жол қозғалысы  қауіпсіздігіне байланысты  апталық   және  жедел алдын-алу  шарасы аясында «Мейірімді ана»  сайысы және «Үздік  сурет» байқауы болып өтті. 4- сыныптар  жол қауіпсіздігі туралы  суреттер салып, үздік деп танылған суреттер  көлік жүргізушілеріне  үлестірілді.  «Мейірімді ана»  сайысқа 2 сыныптар оқушыларының  аналары қатысты. Аналар өз балаларының өмір қауіпсіздігін сақтау үшін,  қараңғыда көлік  жүргізушілеріне  сақтану  үшін  жаяу жүргіншілерге арналып  тағылатын «жарық шағылыстырғыш» лентасын полиция қызметкерлерінің алдында,  өз баларына тағып көрсетті. Сақтандырғыш  лентасының тиімділігін туралы  ойларын білдірді. Қорытындылай келе,  барлық аналар жақсы қатысып, ПБ бастығының  орынбасары полиция  подполковнигі В.Агеев мырзаның алғыс хаттары табысталды.