«Нашақорлық,маскүнемдік,темекі тарту және АҚТҚ алдын алу» тақырыбында өткізілген іс-шара ақпары.
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 8,9,10 сыныптар арасында «Нашақорлық,маскүнемдік,темекі тарту және АҚТҚ алдын алу» тақырыбында оқушыларға СПИД,нашақорлық,маскүнемдік, шылым шегу сияқты зиянды әдеттердің қоғамға,адамға зардаптарын түсіндіру.Оқушылардың өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін,жаман әдеттен бойларын аулақ салуын,гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту мақсатында мектеп медбике Сагимбекова М. және әлеуметтік ұстаз Жолболдина А., аналар мектебінің төрайымы Исабаева Г.М қатысуымен 10 қаңтардың 2018 жылы дәріс оқылды. Сонымен қатар бейнефильмдер көрсетілді.Оқушылар зиянды әдеттерден аулақ болу, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге салауатты өмір сүре білуге ат салысу керектігін түсініп,өз ойларындағы сұрақтарды қойып жауаптарын алды.