Тұңғыш Президент күніне орай жоспарланған іс-шаралардың өткізілгені туралы ақпар

Тұңғыш Президент күніне орай жоспарланған іс-шаралардың өткізілгені туралы ақпар

   Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2017 жылдың қараша айынан бастап  Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар жоспарланып өткізілді. 1 желтоқсан – Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті күніне орай ЖББ № 8 орта мектебі бойынша ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілді. 
   Жоспарға сәйкес, оқушыларғаТұңғыш Президенттің мемлекет қалыптасуындағы, дамуындағы еңбегі, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен,  болашақты көрегенділікпен саралап, өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаянымен таныстыру мақсатында  бірнеше іс-шаралар өткізілді.  Мереке күніне арналып безендірілу  жұмыстары жүргізілді.
     Мектеп кітапханашысы Р.А.Исабаева  мектептің   1-қабатында және кітапханада  оқушыларға арнап «Президент тұрақтылық пен өркендеудің кепілі» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге елбасының «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл» әдеби кітаптарі қойылды.
      27 қарашадан бастап  1-11-сыныптарда «Болашақты болжаған кемел еңбек» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында Президенттің өмірбаяны, еңбек жолы, елбасының қазіргі таңдағы жетістіктері туралы оқушылар мағлұмат алды. Оқушылар өте қызыға қатысты.
  Мектепте 22-25 қараша аралығы 4- сыныптар арасында денешынықтыру пәні мұғалімдері А.Рахимберлин мен А.Дәкәрім  «Ел дамуы жастардың қолында» атты шығарма эстафеталық байқау  ұйымдастырды.  Қаппар Б.С. оқушылар арасында "Тоғызқұмалақ" ойынынан  жарыс ұйымдастырды. Байқау  нәтижесі шығарылып, жеңімпаз топ  марапатталды.
     26 қарашада  9-10 сынып оқушыларымен  «Дара тұлға, дана тұлға-Елбасы» атты аға тәлімгер А.Жұмахан   дөңгелек үстел  өткізді.Іс-шара барысында оқушылар Жаңа Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскені  туралы және мемлекеттің сапалық жаңғыруы жайлы сөз қозғалды. Оқушылар Елбасының қызметі мен өмірі туралы әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстел барысында Н.А.Назарбаевтің еңбектері бағаланып оқушылар өз ой пікірлерімен бөлісті.
    4-5-сыныптар арасында «Мен кіші отанымның патриотымын» атты сапта жүріп  ән айту байқауын өткізді. Байқау барысында оқушылар сапттық жүру,саптық әннен өз өнерлерін көрсетті.Саптық байқауында ұландар өз өнерлерін көрсетті. Саптық байқауда оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.