«Айбар» азаматтық- патриоттық жобасы аясында облыстық семинар

«Айбар» азаматтық- патриоттық жобасы аясында облыстық семинар

   "Патриотизм-табысты ұлттың бастауы" атты «Айбар» азаматтық- патриоттық тәрбиелеу орталығы әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясындағы облыстық семинар

  Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2017 жылдың 15 қарашасы күні «Айбар» азаматтық- патриоттық жобасы аясында облыстық семинар өткізілді.
  Қарағанды обылысынан ТБД әдіскері Г.Т. Баграмова мен Шет ауданы мектебі, №23 мектеп мұғалімдері, қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгерлері қатыстырылды. Облыстық семинарда алғыс сөзімен мектеп директоры А.Т. Токейбекова келген қонақтарға «Айбар» азаматтық- патриоттық жобалардың іске асырылуы туралы айтып өтті. АӘД жетекшісі Т.Еримбетов ұландар сыныбы бағдарламасының тұсаукесерін көрсетті. Сөйтіп, әріптестер алдында іс-тәжірбиесімен бөлісіп отырды.
  «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында «Риторика» курсының жетекшісі Г. Сартаеваның жетекшілігімен курс өткен ұлан сынып оқушыларының  нәтижесі  ұсынылып, кездесу – репортажы өткізілді. Кездесу- репортажы барысында «Боевое братство», «Әскер» ұйымының өкілдерімен кездесу болып, көкейдегі сұрақтарға жауап алынды.Мектеп музейін 10-11 сынып оқушылары әсерлеп баяндап берді. Іс – тәжірбиеде сонымен қатар , «Парашюттан секіру», «Кеме құрастыру», «Роботатехника» дағдыларынан көрсетілім вернисажы көрсетіліп өтті. Оқушылар дағды, білім- біліктілігін ортаға салды. ІІ бөлімде «Ауылдағы он күн», «Бектауата-киелі мекен» жобаларымен «Латын әріпіне көшудің тиімділігі» тақырыбында жобалары мен дебатта оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қоса АӘД жетекшісі Т.Еримбетовтың ұйымдастыруымен 4-5 сыныптар арасында «Мен –кіші отанымның патриоттымын!» жас сарбаздар саптық байқауы өтті. Байқау барысында оқушылар сапттық жүру,сапттық әннен өз өнерлерін көрсетті. Сапттық байқауында ұландар өз өнерлерін көрсетті. Саптық байқауда оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
  Семинардың келесі бөлімінде қонақтар «Мәңгілік ел-мұратым» концерттік бағдарламасын  тамашалады. Концерт барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, бишілеріміз мың бұрала билеп, жырдан шашу шашты. Семинардың соңында Қарағанды облысынан ТБД әдіскері Г.Т. Баграмова  өз тілегін білдіріп, қатысушы ұстаздар алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектерін білдірді.