«Латынға көшу- рухани өсу» тақырыбында өткен оқырмандар конференциясы

«Латынға көшу- рухани өсу» тақырыбында өткен оқырмандар конференциясы

   18–ші  қазан күні мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 7-9 сыныптар арасында «Латынға көшу – рухани өсу» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияның басты мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы латын әліпбиіне көшудің маңызы мен тиімділігі туралы айтылды. Бейнебаян  көрсету арқылы оқушыларға латын әліпбиіне ауысудың тиімді жақтарын көрсете отырып, оқушылардың пікірлерін, көзқарастарын білу мақсатында кітапханашы сұрақтар қойды. Оқушылар өз ойларын толық жеткізе білді.