«Шоқтығы биік біртуар жазушы» әдеби кеш

«Шоқтығы биік біртуар жазушы» әдеби кеш

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде М.Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Шоқтығы биік біртуар жазушы» атты  танымдық әдеби  сағат өтті.  Мақсаты М.Әуезовтың ерен еңбегі мен дара өмір жолы келешек жас ұрпаққа болашаққа бастар өнеге болу.  М. Әуезовтың  өмір жолы оқушылардың  «жылнама сөйлейді» әдісі арқылы жеткізілді. Мектебіміздің кітапханашысы Роза Алханқызы М.Әуезовке арналған кітапхана көрмесімен таныстырды. Ең алғашқы шыққан шығармасынан бастап, өмірінің соңғы жылдырында жазылған жазбалары жайында жан-жақты мағлұмат берді. Жазушы жайлы деректерді  қандай кітаптардан іздеу керектігін, тәсілдерін түсіндірді. «Абай жолы» роман-эпопеясының шығу тарихы мен жарық көрген уақытын, тарауларын атап көрсетті. Сонымен қатар бірқатар оқушылар М.Әуезовке арналған Қ.Сарин, Қ.Мырзалиев, М.Шаханов сияқты ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Көрермен  оқушыларға жазушы туралы сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалды. Қорыта айтқанда, оқушылар  М.Әуезов  туралы  білгендерін тереңдете түсіп, көп мағлұматтар ала алды.  Жазушыға арналған әдеби сағат өз деңгейінде өтті.