Алтын күз-2017

Алтын күз-2017

Мектебімізде 13 қазан күні «Алтын күз» атты мерекелік кеш болып өтті. Кешке аға тәлімгер және «Өзін-өзі басқару» ұйым мүшелері жауапты  болды. Кешімізде 8-10 сынып оқушылары арасынан  Ханзада мен Ханшайым сайысы өтті. Кеш  сайыс түрінде өтті. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрды. Барлық сынып оқушылары аянбай дайындалып,қолдарынан келгенше өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Күз Ханзадасы атағын 10 сынып оқушылары иеленді. Сайыс өте тартымды әрі қызықты өтті. Барлық қатысушы жұптар мадақтама қағазымен марапатталды.