"Үш тұғырлы тіл" атты тілдер апталығы

   22 -30 қыркүйек аралығында жалпы білім беретін №8 орта мектебінде Тіл мерекесіне арналған "Үш тұғырлы тіл" апталығы өтті. Тілдер мерекесіне арналған апталықта көптеген іс-шаралар өткізілді: "Қаз дауысты Қазыбек биге 350 жыл" атты танымдық кеш, Балқаш қаласының 80 жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысы, "Полиглот" ойыны,  "I'm the best" атты сайыс, "Тілдер әлемінде" атты ең үздік қабырға газеті сайысы. Іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларды мектеп директоры Токейбекова А.Т. мақтау қағаздарымен марапаттады.