Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 05-11 қыркүйек «Отбасы күніне» орай өткізілген іс-шаралар

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  05-11 қыркүйек   «Отбасы күніне»  орай өткізілген іс-шаралар

   Мектебімізде 5 қыркүйек пен 11 қыркүйек аралығында «Отбасы күніне»  арналған  бірнеше  шаралар  ұйымдастырылды. Атап айтсақ  мектеп кітапханасында  «Отбасы бақыты» тақырыбында  көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 5,6 сынып оқушылары  белсенді қатысты. Оқушылар көрмеге қойылған кітаптармен танысып, қажетті мәліметтер алды. Мектебіміздің бірінші  қабатында  отбасы күніне тақырыптық стенд безендірілсе, бесінші  және алтыншы сыныптар аралығында «Менің отбасым» тақырыбында асфальт бетінде суреттер сайысы өтті.Сонымен қоса, сегізінші сынып оқушылары мектеп радио торабынан «Менің отбасым» атты өлеңдер сайысын ұйымдастырылып,отбасы жайында жалынды өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. 5А сыныбының сынып жетекшісі З.С Бигелдина 5-ші сынып оқушылары арасында «Бақытты сәт, тоқтай тұр»  атты отбасылық  суретке түсу сайысын өткізіп, сайыс барысында үздік отбасылық сурет таңдалып алынып, жеңімпаздарын марапаттаса, жетінші сыныптар арасында «Ұрпақ жақсысы -ұядан» үлгілі отбасы туралы слайдттар жарысы өткізіліп, үздік слайдтар марапатталды. Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  Қоңыров Б.Ж пен Дакаримов А.Р ұйымдастыруымен «Бақыттымыз бірге» отбасылық эстафеталық ойындар өткізіліп, үздік топтар марапатталды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі әлеуметтік ұстазы ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық акциясы өткізілді.Бастауыш пәнінің мұғалімі Несіпбек М.Е ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында «Әжем, атам қасында» сурет көрмесі өткізілді, үздік суреттер таңдалып, «Отбасы-отанымыздың ошағы» тақырыбында 1-11сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді.