Түлектерге арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиіні

Түлектерге арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиіні

   2016-2017 оқу жылының 25-мамыр күні   мектебімізде   соңғы қоңырау соғылды. Сөйтіп, 21 түлек 11 жыл бойы білім алған алтын ұя мектебімен қоштасты.   Салтанатты  жиынға  қала әкімінің орынбасары Капашев Айдын Боранбайұлы және Балқаш қалалық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  төрайымы Айтжанова Әсем Бекенқызы   қатысты. 
  Салтанатты жиын барысында 21 түлек ортаға шақырылып, олардың жетістіктері аталды. Мектеп директоры  А. Токейбекованың құттықтау сөзінен кейін, келген қонақтар ел болашағы-жастарға оң сапар,  сәттілік тіледі.  Ата-аналар  атынан Арипбекова Сандуғаш Қалиасқарқызы  құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды тілегін білдірді.   Ал  мектеп    түлектер атынан республикалық пән олимпиадасы және ғылыми жобалар жүлдегері, облыстық, республикалық шахмат ойындарының жеңімпазы, «Алтын бала» форумының «Өрелі өрен» номинациясының иегері, оқу үздігі,  алтын белгіге үміткер  Жағуфарова Ботагөз мектеп ұстаздарына, ата-аналарына алғыс айтып, сыныптастарына сәттілік тіледі.    Жас түлектерге арналған 1-сынып  оқушыларының  тартуына  көрермендер ризашылық білдірді. Мектеп өнерпаздары Нұрлан Наргиза, Таңатқызы Тоғжан «Аяулы ұстазым»  әнін шырқаса, ұстаздардан және оқушылардан құралған вокал тобы «Мектеппен қоштасу» әнін тарту етті. Сынып жетекшісі  Г.М.Мырзабаеваның шәкірттеріне құттықтау тілегінен соң мектеп директоры А.Төкейбекова және бір топ мектеп ұстаздары  әнмен шашу шашты.
Салтанатты жиын соңы  түлектердің қонақтармен, ұстаздармен естелік фотоға түсіру рәсімімен аяқталды.