«Сызықты алгоритмдерді программалау» тақырыбында қалалық ашық сабақ

«Сызықты алгоритмдерді программалау» тақырыбында қалалық ашық сабақ

   20 қаңтар күні информатика қалалық информатика пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жоспары бойынша № 2 санаторлық мектеп-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Алиева Ш.А. 7 «А» сыныбында «Сызықты алгоритмдерді программалау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

    Сабақта қол жеткізілуге  тиісті  оқу мақсаты  1. Сызықтық бағдарламаның құрылымымен танысу, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру дағдысын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

    Сабақта топтық жұмыс жүзеге асты. Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлады, топта ауызша сұрақтарға дұрыс жауаптар арқылы бірін-бірі тексеріп, бағалады.

     Бір-біріне өткен тақырыптар туралы «ашық» және «жабық» сұрақтар қойды.

    Сабақ барысында мұғалім флипчартта жұмыс істеу шеберлігін көрсетіп қана қоймай, оқушылармен интербелсенді байланыс орнатты. Оқушылар интербелсенді тақтада түрлі тапсырмалар орындады, мысалы «сәйкестендіру», «сиқырлы қобдиша», «жасырын сөз» әдістері қолданылды. Алгоритм бойынша амалдар орындап, ноутбукта практикалық түрде есеп шығарды. Сабақтың қорытындысы «Сәттілік баспалдағы» әдісімен аяқталды. Топ басшылары топтың жұмысын бағалап, оқушылар өздерін өздері смайликтер арқылы бағалады, сабақта алған білімдері туралы ойларымен бөлісті. Сабақ әріптестері арасында жақсы бағаланды. 

Дата: 23.01.2017, 11:32 Автор: Школы и сады г. Балхаш