Жалпы білім беретін №9 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік толғауы» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысының ақпараты

Жалпы білім беретін №9 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік толғауы»  атты қалалық мәнерлеп оқу сайысының ақпараты

          Мамыр айының 13 жұлдызында  «Тәуелсіздік толғауы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысытың мақсаты оқушылардың бойында патриоттық сезім ояту, туған елін,  жерін дәріптей білуге үйрету. Сайысқа әр мектептің бастауыш буынынан 2 оқушыдан қатысты.        Сайыста ерекше көзге түсіп, тәуелсіздік  жайындағы толғауларды нақышына келтіре оқыған оқушыларда  аз болған жоқ. Қалалық гимназия оқушысы Кумисбаева Хадис пен Абай атындағы №2 лицейдің оқушысы Сәбит Сырым I орынға лайық деп танылса,  №8 орта мектеп оқушысы Арнурова Хадиджа мен №9 орта мектеп оқушысы Ғалымқызы Диляра II орынды иеленді. III орынды №15 мектеп лицейдің оқушысы Қалқаман Аслан, №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектеп оқушысы Амантаев Абылай, №5 орта мектеп оқушысы Жұмагали Мерұлан,№2 мектеп-лицей оқушысы Мұратәли Адинаға берілді. Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан қатысушылар мадақтамамен марапатталды.

Дата: 16.05.2016, 9:42 Автор: Школы и сады г. Балхаш