Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржановтың өшпес ерлігіне арналған «Отан үшін жан қиған ер» атты мектеп оқушылары арасында өткен көркемсөз оқу шеберлерінің ІІ аймақтық байқауы

Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржановтың өшпес ерлігіне арналған «Отан үшін жан қиған ер» атты мектеп оқушылары арасында өткен көркемсөз оқу шеберлерінің ІІ аймақтық байқауы

           2016 жылдың 6 мамыр күні № 2 мектеп-интернатында дәстүрге айналған Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржановтың өшпес ерлігіне арналған «Отан үшін жан қиған ер» атты мектеп оқушылары арасында өтетін көркемсөз оқу шеберлерінің ІІ аймақтық байқауы өтті.

  Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық рухты жандандыру, олардың туған жердің тарихы мен әдебиетін, өнері мен мәдениетін білуге деген құштарлықтарын шыңдау, Отан үшін от кешіп, жанын қиып, ел рухын көтерген ерлеріміздің есімдерін мәңгілік есте ұстауға тәрбиелеу.

Байқауға қаланың 8 мектебінен - 8 үміткер, Ақтоғай ауданынан – 8 үміткер, Саяқ кентінен – 1 үміткер қатысты.

Қатысқан мектептер: №2 мектеп-лицейі, №15 мектеп-лицейі, №16,№9,№8,№5,№7,№, 24 орта мектептері.

Байқау ережесі бойынша қатысушы үміткер 2 бірдей тапсырма орындауы тиіс болды:

1. Майдангер жазушылардың ерлікке толы шығармаларының бірінен үзінді жатқа айту;

2. Танымал ақындардың Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған өлеңдерінің бірін жатқа айту;

Бірінші кезеңнен  кейін үзілісте мектептегі  өнерпаздар концерт ұйымдастырды.         

Қазылар алқасы ретінде келесі құрам болды:

1.Танымал тарихшы-өлкетанушы, жалынды журналист-жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сардарбек Күләш Ыбыжанқызы.

2.Балқаш қалалық білім бөлімінің әдіскері Әсемханова Гүлнар Базылханқызы.

3.Танымал ақын-журналист, «Жырлайды жүрек» жыр жинағының авторы, қалалық «Пульс» газетінің тілшісі Сәденов Қуандық Мақсұтұлы

4. Журналист, қалалық «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Нұрдос Кәрім.

Байқаудың нәтижесінде:

Бас жүлдені – Абай атындағы лицейден келген  Асылханова Айзада иеленді.

1 орын – Қайырбекова Әнел№16 мектеп, Жандарбай Айдана №6 саяқ мектебі.

2 орын – Қасымхан Дидар Ақтоғай ауданы Алихан Бөкейханов  атындағы мектеп, Оразбай Дулат №7 мектеп - гимназия.

3 орын – Әли Әділ Сарышаған ОМ, Әбдуәли Нұрдаулет №5 орта мектеп.

Номинация «Жалын» - Зарубек Диана, Ақтоғай ауданы Ә. Болғанбаев атындағы мектеп.

Номинация «Шабыт» -  Климова Әйгерім Ақтоғай ауданы Н. Абдиров атындағы мектеп.

Номинация «Көркем сөз шебері» -  Наркеш Нарғыз, Шашубай кентінің мектебі.

Байқауға қатысқан қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Байқау соңында әділ қазылар алқасы байқауды ұйымдастырып, өткізген З.Н. Рахимберлина басшылық ететін № 2 мектеп-интернатына алғыс білдірді.

Байқаудың демеушілеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Олар:

1. «Северное прибалхашье» газетінің редакторы Шалова Береке Галиевна 

2. «Балқаш өңірі» газетінің редакторы Нұрдос  Кәрім

3. «Пульс» газетінің   редакторы Саденов   Куандық Мақсұтұлы

4. "М. П. Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп-интернаты" КММ.

Дата: 13.05.2016, 9:24 Автор: Школы и сады г. Балхаш