18-ші қалалық «Жас жолда жүру инспекторлары» слетінің ақпараты

18-ші қалалық  «Жас жолда жүру инспекторлары» слетінің  ақпараты

    Мамыр айының 3 жұлдызында Жбб №9 орта мектебінде қалалық «Жас жол инспекторлар» байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты:балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол апаттарының алдын-алу жұмыстарын дамытып, қызығушылық танытып отырған қоғам мен ұйымдардың балаларды жол апаттарынан сақтау жұмыстарына назарын аудару. Байқауға қала мектептерінен 15 отряд қатысты.

Байқауға  қалалық білім бөлімінің бас маманы – Балапанова Ж.С., Жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары, полиция майоры - Карим Нурлан Уалханович, полиция капитаны - Акашев Жанболат Сұлтанович, полиция лейтенанты Жанатхан, «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Базылханова А. М қатысты. Сайысқа  өте жақсы қатысып, белсенділік танытқан отрядтар I,II,III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бас жүлде- лицей№15

I орын- ЖББОМ №10

II орын-ЖББОМ №7,  ЖББОМ №8

III орынАбай атындағы №2 лицей, ЖББОМ №4  ал қалған топтар сайыстағы белсенділігі үшін және  номинациялар мен  марапатталды.

Дата: 5.05.2016, 11:06 Автор: Школы и сады г. Балхаш