Физика пәнінен ашық сабақтар панорамасы

Физика пәнінен ашық сабақтар панорамасы

 

    №1 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Н.В.Морозова «Электрқыздырғыш приборлар. Лампылар» тақырыбында 8 сыныпта ашық сабақ өтті.  Сабақ үрдісі жаңа технологиялар  қолдану негізінде құрылған. Оқушыларға әртүрлі тапсырмалар түрлері беріліп, көптеген тарихи мәліметтерді және қызықты фактілерді білді. Сабаққа қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.

     Жалпы білім беретін №9 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі  Г. Х. Алтаева 9-сыныпта «Фотоэффект құбылысы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану.»  тақырыбынды ашық сабақ өткізді. Сабақ  барысы жеті модульді ықпалдастыра отырып, «Блум» таксономиясын қолданылды. «Блум» таксономиясының әр бөліміне қолданылған әдіс-тәсілдер, жеңілден қиын тапсырмаларға ауысып отырылды. Оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысты, сабақ қызықты өтті.

    Абай атындағы  №2 лицейдің физика пәнінің мұғалімі Макенбаева Г. «Атмосфералық қысым»  тақырыбына 7 сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақ мазмұны бойынша өте ауқымды, әр түрлі демонстарциялар, эксперименттік жұмыстар, функционалдық сауаттылыққа, логикалық ойлауға тапсырмалар, заманауи инновациялық техногиялар және интерактивті тақта қолданылды.

Дата: 2.03.2016, 9:28 Автор: Школы и сады г. Балхаш