«Чирлиндинг жұлдыздары»
2016 жылдың 27 ақпанында М.Горький атындағы №1орта мектебінде 17мектеп қатысқан, дәстүрлі қалалық «Чирлиндинг жұлдыздары» байқауы болды. Төмендегі әділ-қазылар: қалалық білі бөлімінің бас маманы Ж.С.Балапанова, «Лера» фитнес клубының директоры Светлана Ивановна Вербич, мәдени сауықтандыру орталығының жектекші секторы Үмитжан Саяковна Серикова байқау қатысушыларына баға берді.
Көрермендер алдында түрлі-түсті костюмдермен ғажап билерімен, әсерлі музыкамен командалар билерін көрсетті. Командалар синхрондық, шебер қозғалыстарымен, күрделі қимылдарымен өнерлерін паш етті. Әр команда номинацияларменмарапатталды, ал жеңімпаз ЖББ№9ОМ-нің «Задор» командасы бас жүлдеге, 1 орынға №3 мектеп-интернатының «Экстрим» командасы, 2 орынға №2 мектеп-лицейдің «Лицей» командасы, 3 орынға ЖББ№17ОМ-нің «Beauty dance», ЖББ№17ОМ-нің «Вираж» командалары ие болды.